Байқау инновациялық және технологиялық дамуға, халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыруға, инновациялық қызметті көпшілікке тарату, технологиялық кәсіпкерлікті және командалық жұмысты дамытуға, сондай-ақ технологиялық кәсіпкерлікті жүргізудегі құзыретті дамытуға сұраныс жасау мақсатында өткізіледі.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Байқауды ұйымдастырушысы. 

ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАЙҚАУ

Өтінімдер 2018 жылдың 17 маусымынан 17 қыркүйегіне дейін қабылданады

Өтінім беру

Номинация «Жоғары сынып оқушылары мен колледждер арасында ең үздік технологиялық шешім»

Номинацияның негізгі мақсаты

Балалардың инновацияға қызығушылығын ынталандырып, практикалық тәжірибе алуға және жаңа технологиялық кәсіпкерлерді тәрбиелеуге мүмкіндік беру.

Номинацияның жүлдегерлері үшін келесі сыйлықтар көзделген

1 орын - жетекші шетел оқу орнында немесе технологиялық дамуды қолдау саласында ұйымда оқыту курсы;

2 орын - 800 000 теңге;

3 орын - 400 000 теңге;

Халықтың дауыс беру жүлдесі – 200 000 теңге.

Осы номинацияда Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • 9-11 сынып оқушыларынан және/немесе колледжжің 1-2 курст студенттерінен құралған 2-5 адам команда болу;
  • әлеуметтік-маңызды тапсырманы және/немесе қоғам өмірінің сапасын жақсартуды шешуге бағытталған жобаны дайындау;
  • ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын технологиялық шешім туралы бейне-презентация дайындау, өтінімді берген кезде бейнероликке сілтемені көрсете отырып, YouTube порталына шығару. Осы бейне-презентация келесі ақпаратты қамтуы керек:
  •  жоба әлеуметтік-маңызды тапсырманы және/немесе қоғам өмірінің сапасын қалай шешеді;
  • оңайлатылған бизнес-жоспар;
  • команданың әрбір қатысушысының рөлі.

Шешімдерді іріктеу тәртібі:

Осы номинациядағы байқау үш кезеңде өткізіледі:

I кезең – бейне-өтінімдерді жинау;

II кезең – 20-баллдық шкала бойынша Сараптамалық комиссия мүшелерінің бағалары бойынша 10-нан артық емес финалға қатысушылар-командаларды іріктеу;

III кезең – Сараптамалық комиссия алдында бейнеконференц байланыс арқылы 10-нан артқы емес финалға қатысушылар – командалардың сұрақтарға жауап (2 мин.) және онлайн питч (презентация) 3 (мин.), оның нәтижесі бойынша жүлдегерлер,2,3 орындар таңдалатын болады.

Халықтың дауыс беру жүлдегері бәріне қарағанда онлайн дауыс беру/ұнатулардың ең көп мөлшерін жинаған жоба болады.

Іріктеудің өлшемшарттары:

  • ұсынылатын шешімді жүзеге асырудың жоғары потенциалы;
  • ұсынылатын шешімнің өзектілігі;
  • тапсырманы орындауға жасампаздық;
  • шешудегі инновациялық құраушы;
  • нарыққа бағдарландық;;
  • өмір сапасын арттырады;
  • командада жұмыс жасай алу.

Номинация «Студенттер арасында ең үздік технологиялық шешім»

Номинацияның негізгі мақсаты

Жастардың инновацияға деген қызығушылығын ынталандыру, практикалық тәжірибе алуға және технологиялық кәсіпкерлердің жаңа ұрпағын өсіруге мүмкіндік беру.

Номинацияның жүлдегерлері үшін келесі сыйлықтар көзделген:

1 орын - жетекші шетел оқу орнында немесе технологиялық дамуды қолдау саласында ұйымда оқыту курсы;

2 орын - 800 000 теңге;

3 орын - 400 000 теңге;

Халықтың дауыс беру жүлдесі – 200 000 теңге.

Осы номинациядағы Байқаудың қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • ЖОО студенттерінен 2 – 5 адамнан тұратын команда болу;
  • әлеуметтік-маңызды тапсырманы шешуге және/немесе қоғам өмірінің сапасын жақсартуға және/немесе бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен келесі ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелеріне ең жақсы шешім ұсынуға бағытталған жобаны дайындау:
    • Өндіріс циклінің қосалқы өнімін алу үшін қалдықтарды пайдалану және оларды кәдеге жарату жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Тұрғын үй және офистік ғимараттарда ауаны тазарту және оттегі құру мәселелері жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Сурдоаударманы шынайы уақытта автоматтандыру жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Көпірлерді, жедел сатыны, эскалаторларды және т.б. аппатылығын / техникалық ақауларын анықтау жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Оқу орындарындағы қауіпсіздік мәселелері жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Жастарға жұмысқа орналасу және кәсіби бағдар беруді ынталандыру (жастар еңбек биржалары) жөнініде желілік кеңістіктегі технологиялық шешімді ұсыныңыз.
  • ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын технологиялық шешім туралы бейне-презентация дайындау, өтінімді берген кезде бейнероликке сілтемені көрсете отырып, YouTube порталына шығару. Осы бейне-презентация келесі ақпаратты қамтуы керек:
  •   жоба әлеуметтік-маңызды тапсырманы және/немесе қоғам өмірінің сапасын жақсартуды және/немесе бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелеріне ең жақсы шешім ұсынуды қалай шешеді;
  • бизнес-жоспар;
  • команданда әрбір қатысушысының рөлі.

Шешімдерді іріктеу тәртібі:

Осы номинациядағы Байқау төрт кезеңде өткізіледі:

I кезең – «ТДҰА» АҚ веб-парақта (өтінімді онлайн беру) байқау үшін ең үздік шешімге бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелерін орнатады;

II кезең – бейне-өтінімдерді жинау;

III кезең – 20-баллдық шкала бойынша Сараптамалық комиссия мүшелерінің бағалары бойынша 10-нан артық емес финалға қатысушылар-командаларды іріктеу;

IV кезең - Сараптамалық комиссия алдында бейнеконференц байланыс арқылы 10-нан артқы емес финалға қатысушылар – командалардың сұрақтарға жауап (2 мин.) және онлайн питч (презентация) 3 (мин.), оның нәтижесі бойынша жүлдегерлер,2,3 орындар таңдалатын болады.

Халықтың дауыс беру жүлдегері бәріне қарағанда онлайн дауыс беру/ұнатулардың ең көп мөлшерін жинаған жоба болады.

Іріктеудің өлшемшарттары:

  • ұсынылатын шешімді жүзеге асырудың жоғары потенциалы;
  • ұсынылатын шешімнің өзектілігі;
  • тапсырманы орындауға жасампаздық;
  • шешудегі инновациялық құраушы;
  • нарыққа бағдарландық;
  • өмір сапасын арттырады;
  • командада жұмыс жасай алу.

«Стартаперлер арасында ең үздік технологиялық шешім» номинациясы

Номинацияның негізгі мақсаты

Стартаптардың технологиялық шешімдерді шешуде шығармашылық потенциалын ынталандыру, практикалық тәжірибе алуға және технологиялық кәсіпкерлердің жаңа ұрпағын өсіруге мүмкіндік беру.

Ең үздік шешімді таңдау үшін мәселелермен өзекті кейстер

Номинацияның жүлдегерлері үшін келесі сыйлықтар көзделген:

1 орын - жетекші шетел оқу орнында немесе технологиялық дамуды қолдау саласында ұйымда оқыту курсы;

2 орын - 800 000 теңге;

3 орын - 400 000 теңге;

Халықтың дауыс беру жүлдесі – 200 000 теңге.

Осы номинацияда Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • стартаперлерден 2-5 адамнан тұратын команда болу;
  • әлеуметтік-маңызды тапсырманы шешуге және/немесе қоғам өмірінің сапасын жақсартуға және/немесе бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен келесі ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелеріне ең жақсы шешім ұсынуға бағытталған жобаны дайындау;:
    • Өндіріс циклінің қосалқы өнімін алу үшін қалдықтарды пайдалану және оларды кәдеге жарату жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Тұрғын үй және офистік ғимараттарда ауаны тазарту және оттегі құру мәселелері жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Сурдоаударманы шынайы уақытта автоматтандыру жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Көпірлерді, жедел сатыны, эскалаторларды және т.б. аппатылығын / техникалық ақауларын анықтау жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Оқу орындарындағы қауіпсіздік мәселелері жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Жастарға жұмысқа орналасу және кәсіби бағдар беруді ынталандыру (жастар еңбек биржалары) жөнініде желілік кеңістіктегі технологиялық шешімді ұсыныңыз.
  • ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын технологиялық шешім туралы бейне-презентация дайындау, өтінімді берген кезде бейнероликке сілтемені көрсете отырып, YouTube порталына шығару. Осы бейне-презентация келесі ақпаратты қамтуы керек:
  •  жоба әлеуметтік-маңызды тапсырманы және/немесе қоғам өмірінің сапасын жақсартуды және/немесе бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелеріне ең жақсы шешім ұсынуды қалай шешеді;
  • бизнес-жоспар;
  • командада әрбір қатысушының рөлі.

Шешімдерді іріктеу тәртібі:

Осы номинацияға байқауы төрт кезеңде өткізіледі:

I кезең – «ТДҰА» АҚ веб-парақта (өтінімді онлайн беру) байқау үшін ең үздік шешімге бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелерін орнатады;

II кезең – бейне-өтінімдерді жинау;

III кезең – 20-баллдық шкала бойынша Сараптамалық комиссия мүшелерінің бағалары бойынша 10-нан артық емес финалға қатысушылар-командаларды іріктеу;

IV кезең – Сараптамалық комиссия алдында бейнеконференц байланыс арқылы 10-нан артқы емес финалға қатысушылар – командалардың сұрақтарға жауап (2 мин.) және онлайн питч (презентация) 3 (мин.), оның нәтижесі бойынша жүлдегерлер,2,3 орындар таңдалатын болады.

Халықтың дауыс беру жүлдегері бәріне қарағанда онлайн дауыс беру/ұнатулардың ең көп мөлшерін жинаған жоба болады.

Іріктеудің өлшемшарттары::

  • ұсынылатын шешімді жүзеге асырудың жоғары потенциалы;
  • ұсынылатын шешімнің өзектілігі;
  • тапсырманы орындауға жасампаздық;
  • шешудегі инновациялық құраушы;
  • нарыққа бағдарландық;
  • өмір сапасын арттырады;
  • командада жұмыс жасай алу.

«Инновациялық тақырыптағы үздік материал» номинациясы

Номинациялның жүлдегерлері үшін келесі сыйлықтар көзделген:

1 орын - 1 300 000 теңге;

2 орын - 900 000 теңге;

3 орын - 500 000 теңге;

Халықтың дауыс беру жүлдесі – 200 000 теңге.

Сонымен қатар, Байқаудың барлық номинациялары бойынша жүлдегерлер Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің қолы қойылған дипломдар/мадақтама қағаздарына ие болады.

Номинацияның негізі мақсатты

Ғылым мен инновация тақырыбы бойынша жазатын журналистер қоғамдастығын дамыту, инновацияларды танымал етудегі бұқаралық ақпарат құралдарын тартуды және инновациялық қызметтің үдерістерді БАҚ баяндау сапасының артуын ынталандыру. Инновациялық, ғылыми және технологиялық тақырыпты қамтитын журналистер қауымдастығын қалыптастыруға жәрдемдесу; осы қызмет саласына жаңадан бастаған журналистерді бағдарлау.

Бұл номинацияда келесі қосалқы номинациялар қарастырылған:

- «Инновациялық тақырыптағы үздік материал» мемлекеттік тілде

-«Инновациялық тақырыптағы үздік материал» орыс тілінде.

Осы номинацияда Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар

2017 жылдың 1 қазаннан 2018 жылдың 17 қыркүйігіне дейін республикалық немесе аймақтық БАҚ жарияланған және/немесе орналастырылған телесюжеттер, радио материалдар, жарияланымдар және басқа да материалдар (бұдан әрі - Материалдар) осы номинацияға қатысуға жіберіледі. БАҚ барлық түрлерін, соның ішінде баспа басылымдары, электронды БАҚ, теледидар және радио, танымал блогерлер қатысуға шақырылады.

Материалдарды орналастыру үшін мүмкін тақырыптардың тізімі:

1. Халық арасында инновацияға деген сұранысты қалай арттыруға болады? бизнес тарапынан?

2. Қазақстандағы инновациялық үдерісті дамытуға халықаралық қатысуды қалай арттыру керек?

3. Қалай шетелден отандық-ғалымдарды қайтару және бүкіл әлемнің үздік мамандарын, инженерлерін, ғылыми дарындыларын тарту керек.

Үміткерлерді іріктеу және номинацияларды өткізу тәртібі

Бұл номинацияда Байқау екі кезеңде өткізіледі:

I кезең – материалдар жинау; Байқаудың веб-парағында материалдарды онлайн орналастыру;

II кезең – Материалдарды Сараптау комиссиясының қарауы және жеңімпаздарды және жүлдегерлерді таңдау.

Номинацияда жеңімпазды таңдау өлшемшарттары

  • автордың тақырыпты ашу, оның шешімдерін талдау және ұсыну ептілігі;
  • келтірілген фактілер мен сандардың шынайылығы мен нақтылығы;
  • қосымша плюс басылымдағы тақырыптағы мәселеге жаппай назар аудару болады;
  • автордың шығармашылық ыңғайы, журналистік материалдардың бейнелілігі мен эмоционалдылығы;
  • материалдың сауаттылығы, күрделі нәрселер туралы қол жетімді және қызықты тілмен айту мүмкіндігі;
  •  ұсынылған материалдардың өзектілігі;
  •  мүмкін тақырыптардың тізімінде көрсетілген тақырыптарға басылым артықшылығы болады. 

Номинация «Ең инновациялық-белсенді аймақ»

Номинацияның негізгі мақсаты

Жергілікті атқарушы биліктерді аймақтың инновациялық әлеуетін инфрақұрылымды дамыта, инвестицияларды тарта және т.б. дамытуды ынталандыру.

Осы номинациядағы Байқаудың талаптары

Осы номинацияда Қазақстан Республикасының барлық облыстары қарастырылады және бағаланады.

Номинацияны өткізу және үміткерлерді іріктеу тәртібі

Байқаудың ұйымдастырушысы әрбір аймақтың инновациялық талдауын жүргізеді. Аймақтың резиденттерімен инновациялық гранттар алуға, Агенттікпен ұйымдастырылатын байқауларға қатысуға берілген өтінімдердің саны ескеріледі. Бұдан басқа, шынайы және расталған ақпаратты алу үшін ҚР ҰЭМ статистикасы жөніндегі Комитетінің барлық өңірлер бойынша «Инновациялық компаниялардың өсуі», «Технологиялық инновацияларға арналған шығындар», «Инновациялық өнімнің көлемі», «ҒЗТКЖ шығындары» өлшемшарттары бойынша статистикалық талдау, сондай-ақ ҚР ИДМ барлық аймақтар бойынша сараптау ұсынумен, 2017 жыл үшін ҚР ӘМ ҰЗМИ патентіне өтініштер бойынша статистика қолданылатын болады.

Номинация бойынша жүлдегерді іріктеу өлшемшарттары

  • ҚР ҰЭМ статистикасы жөніндегі Комитетінің барлық өңірлер бойынша «Инновациялық компаниялардың өсуі», «Технологиялық инновацияларға арналған шығындар», «Инновациялық өнімнің көлемі», «ҒЗТКЖ шығындары» өлшемшарттары бойынша статистикалық деректер, сондай-ақ 2017 жыл үшін ҚР ӘМ ҰЗМИ патентіне өтініштер бойынша статистика;
  • 2016-17 жылдарға арналған кезең үшін инновациялық гранттар алу үшін аймақ резиденттерін ұсынған өтінімдердің саны;
  • 2017 жылы «ТДҰА» АҚ ұйымдастырған жыл сайынғы Ұлттық инновациялық байқауға қатысуға ұсынылған өтінімдер саны;
  • 2017 жыл үшін аймақтың инновациялық қызметінің дамуына тартылған инвестициялардың көлемі;
  • инновациялық-белсенді кәсіпорындардың саны.

 

«Ең инновациялық-белсенді аймақ» номинациясы бойынша жеңімпаз арнайы ауыспалы мүсінше және ҚР Инвестициялар және даму Министрінің қолы қойылған естелік диплом алады.

Өтінім беру

Өтінімдер 2018 жылдың 17 маусымынан 17 қыркүйегіне дейін қабылданады 

Сарапшылар комиссия

Сарапшылар комиссиясының құрамы қалыптасқаннан кейін жарияланады

Дауыс беру

халықтық дауыс берудің жеңімпазын таңдаңыз

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ

Инновациялық даму үдерістерін үйлестіруге және мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз етуге көмектесу үшін құрылды. ТДЖҰА «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

TOP