«ТДЖҰА» АҚ инновациялық гранттары 2010-2018 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнеркәсіптің технологиялық дамуына, қолданыстағы кәсіпорындардың технологиялық дамуына, технологияларды коммерцияландыруға арналған.

Сіздің жобаңызды дамытуға грант алу

Өтінімдер 2018 жылдың 6 маусымынан 16 шілдесіне дейін қабылданады

Подать заявку
Дамытуға инновациялық грантты қалай алуға болады?
Гранттың 3 түрі

Гранттың 3 түрі және басым бағыттар

Грант алу барысы

Өтінім тапсырудан жобаға мониторинг өткізуге дейін барысының сипаттамасы

Консультациялар және тренингтер

Консультациялар, тренингтер, вебинарлар, семинарлар кестесі

3158
9
163
154

Приоритетные направления

  • Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивтi технологиялары.
  • Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі, тамақ өнеркәсібіндегі және агрохимиядағы прогрессивтi технологиялар.
  • Фармацевтика саласындағы, медицина өнеркәсібіндегі, биотехнологиялардағы, биоинженериядағы, гендік инженериядағы прогрессивтi технологиялар.
  • Химияның және мұнай-химиясының прогрессивтi технологиялары.
  • Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивтi технологиялары.
  • Баламалы энергетика, жаңартылған энергия көздері.
  • Энергия тиімділігі технологиялары.
  • Инфокоммуникациялық технологиялар, оның ішінде: ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласындағы технологиялар; электрондық өнеркәсіп технологиялары.
  • Жеңіл өнеркәсіптегі прогрессивтi технологиялар.
  • Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі прогрессивтi технологиялар.
  • Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, құрылыстағы прогрессивтi технологиялар.
  • Буып-түю өнеркәсібіндегі прогрессивті технологиялар.
  • Робот техникасы.
  • Нано және ғарыш технологиялары.
  • Энергетика

«ТДЖҰА» АҚ инновациялық гранттар барысы

«ТДЖҰА» АҚ инновациялық гранттары басым бағыттарға сәйкес 3 категория бойынша беріледі

01.

Өтінімді тапсыру

БАҚ-та және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің» веб-сайтында инновациялық гранттарға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін өтінім беруші «ТДЖҰА» АҚ-ға өтінім береді.                                                                                      

1 әдіс. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде қағаз түрінде 2 (екі) данада, арнайы түрде қол қойылған және нөмірленген түрде және PDF форматында бір файлда сканерленген электронды түрде

2 әдіс. Инновациялық грант алуға өтінімдерді электрондық қабылдау және сүйемелдеу жүйесі арқылы.

02.

Өтінімді тексеру

Өтінішті алдын ала тексеру ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау үшін ұсынылған құжаттардың Ереженің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.             

Өтінімде келіспеушіліктер болған жағдайда, өтінім беруші 10 жұмыс күні ішінде табылған мәліметтер туралы және оны жою қажеттілігі туралы хабардар етіледі.

Құжаттарды 10 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда өтінім өтінім берушіге әрі қарай қараусыз жіберіледі.

03.

Жобаны сараптау

Технолог.иялық сараптама – жобаның аналогтармен салыстырғанда техникалық жүзеге асырымдылығы мен технологиялық мақсаттылығының артықшылықтарын белгілеу.

Қаржылық-экономикалық сараптама – нарықты бағалау, жобаның экономикалық тұрғыдан орындылығы, бәсекеге қабілеттілік өлшемдеріі, маркетингтік стратегия, жұмысты белгіленген мерзімде, жұмыстың көлемі мен мазмұнына байланысты бөлу, сондай-ақ талап етілетін қаржыландыру сомасына.

Құқықтық сараптама - қолданыстағы заңдарға сəйкес ұсынылған құжаттардың мазмұнын кешенді құқықтық талдау.

04.

Грант беру

Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарастыру мақсатында және инновациялық грант беру туралы шешім қабылдау үшін «ТДЖҰА» АҚ-да Гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссия құрылады.

Гранттарды қаржыландыру жөніндегі комиссия құрамына уәкілетті органның және тиісті салалардың (келісім бойынша) басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ұлттық институттың технологиялық даму саласындағы қызметкерлері кіреді. Комиссия төрағасы «ТДЖҰА» АҚ Басқарма Төрағасы болып табылады.

Гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссия инновациялық грантты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

05.

Келісімге қол қою

Келісімге грант алушы және «ТДЖҰА» АҚ Грант қаржыландыру комиссиясының отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қол қояды.​

06.

Жобаға мониторинг жасау

Жобаны мониторингтеу шартта көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылауды, Шарттың талаптарына сәйкес гранттық қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын, гранттың мақсатына жетуіне мониторинг жүргізу, жобаларды тиімді жүзеге асыруда грант алушыларға көмек көрсетеді.

Жобаға өткізілетін мониторинг түрлері: камералық мониторинг және көшпелі мониторинг.

Жобаны жүзеге асыру аяқтағаннан кейін ұсынылған инновациялық гранттардың тиімділігін бағалау үшін гранттан кейін мониторинг жүргізіледі.

Жаңалықтар мен оқиғалар

График консультаций на Қаңтар 2019

     
  • Оқиға
  • Конференция
  • Мастер-класс
  • Жаңалықтар
  • Грант бойынша кеңес
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ

Инновациялық даму үдерістерін үйлестіруге және мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз етуге көмектесу үшін құрылды. ТДЖҰА «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

TOP