«ТДҰА» АҚ гранттары

Инновациялық гранттар беру бағдарламасын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұрын - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) 2010-2017 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-даму бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы іске қосты.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАРҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ 2017 ЖЫЛҒЫ 2 ТАМЫЗ БЕН 2 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ



ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАДА WWW.DIGITAL.BAITEREK.GOV.KZ САЙТЫНДА ҚАБЫЛДАНАДЫ



ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ: Қазақстан 010000 Астана, Қонаев к., 12/1, «Сулы-жасыл бульвардағы» бизнес орталығы



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ



Гранттар бойынша соңғы жаңалықтар

Нормативтік-құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы

2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ

3. Жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 141 Қаулысы

4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы «27» ақпан № 219 бұйрығымен бекітілген "Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы"

5. 24 шілде 2012 ж. технологиялық саясат жөніндегі кеңесі мақұлданған «Сыни технологиялар тізімі»

6. Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 212 бұйрығы

7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы «27» ақпан № 210 бұйрығымен бекітілген "Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы"

8. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы «27» ақпан № 211 бұйрығымен бекітілген "Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары"

9. Инновациялық гранттар мониторингінің ережелері

10. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1178 бұйрығы

11. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтеріне берілетін өтінімдерді қабылдау және ере жүру жұмыстарын ұйымдастыру және жобалардың жүзеге асырылуының мониторингінің іске асыру нұсқауы

12. Инновациялық гранттар үшін берілетін өтінімдерді қабылдау және ере жүру жұмыстарын ұйымдастыру және жобалардың жүзеге асырылуының мониторингінің іске асыру нұсқауы

13. 08.06.2015 жылғы «ҰТДЖА» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген инновациялық гранттар үшін берілетін өтінімдерге тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібі

14. 09.06.2015 жылғы «ҰТДЖА» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген инновациялық гранттарға берілетің өтінімдердегі мәлімделген шығындардың негізділігін тексеру әдістері

ТАБЫСТЫ ЖОБАЛАРДЫҢ МЫСАЛДАРЫ